Алматы облысында заңсыз жүрген 50 шетелдік елден шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында заңсыз жүрген 50 шетелдік елден шығарылды

Алматы облысында заңсыз жүрген 50 шетелдік елден шығарылды

Алматы облысында көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар аяқталды. Оның қорытындысы бойынша 50 шетелдік заң бұзушылықтар үшін елден шығарылды.

  • 22 Қазан
  • 2
Фото: Еңбек министрлігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

– Іс-шаралар барысында бұзушылықтардың 1037 фактісі анықталды. Бұзушылықтардың көпшілігін, 1001 жағдайды, ТМД елдерінің азаматтары, тағы 36–сын алыс шетелдердің азаматтары жасады. Негізгі проблемалар рұқсат етілген мерзім аяқталғаннан кейін (449 жағдай) елден уақтылы кетпеу және 10 күннен артық (480 жағдай) кетуден жалтару болды. Сондай-ақ, заңсыз еңбек қызметіне байланысты 85 бұзушылық тіркелді, – деді облыстық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Рүстем Жарықбасов.

Бұдан басқа, тексеру нәтижесінде шетелдіктерді қабылдаған жеке және заңды тұлғаларды қоса алғанда 237 адам заңнаманы сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 5 күн ішінде 481 адам есепке алынды, ал 23 бұзушы қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Төрт бұзушылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.