Мекеме ақпаратына сәйкес, өрт Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылында «Ринат» атты контейнерлік жанармай құю бекетінде 9-тамызда 0 сағат 15 минутта шыққан. Өрт салдарынан жанармай құйғызып жатқан «ГАЗ-53» автокөлігі жанып кетті.
Өрт 0 сағат 45 минутта жанармай құю бекетінің техникалық қызметкерлерінің күшімен сөндірілді, деп хабарлайды министрлік.