Агенттік ақпатарына сәйкес, А-98 маркалы 15 тонна жанармайды тасымалдап келе жатқан «КамАЗ» жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, машинаны аударып алған.
Соның салдарынан жанармай жерге төгілді. Жол апаты тұрғын үйдің жанында болған. Алты адамнан тұратын отбасы мүшелерінің буланған жанармайдан улануының алдын алу үшін олар жедел түрде басқа жаққа көшірілді. Оқиға салдарынан басқа зардап шеккендер жоқ. Материалдық шығын көлемі есептелу үстінде. Жанармай төгілген жерді Іле аудандық ІІБ мен мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің күштері қоршауға алды.