Алматы облысында жанармай тасушы көліктің аударылуы салдарынан 15 тонна жанармай жерге төгілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жанармай тасушы көліктің аударылуы салдарынан 15 тонна жанармай  жерге төгілді

Алматы облысында жанармай тасушы көліктің аударылуы салдарынан 15 тонна жанармай жерге төгілді

Алматы облысы Іле ауданы Комсомол ауылында жанармай тасушы көліктің аударылуы салдарынан 15 тонна жанармай жерге төгілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Қыркүйек 2003
  • 464
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпатарына сәйкес, А-98 маркалы 15 тонна жанармайды тасымалдап келе жатқан «КамАЗ» жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, машинаны аударып алған.

Соның салдарынан жанармай жерге төгілді. Жол апаты тұрғын үйдің жанында болған. Алты адамнан тұратын отбасы мүшелерінің буланған жанармайдан улануының алдын алу үшін олар жедел түрде басқа жаққа көшірілді. Оқиға салдарынан басқа зардап шеккендер жоқ. Материалдық шығын көлемі есептелу үстінде. Жанармай төгілген жерді Іле аудандық ІІБ мен мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің күштері қоршауға алды.

Соңғы жаңалықтар