Алматы облысында жаңа босанған мүгедек әйел Үкіметтен көмек сұрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жаңа босанған мүгедек әйел Үкіметтен көмек сұрайды

Алматы облысында жаңа босанған мүгедек әйел Үкіметтен көмек сұрайды

Алматы облысында жаңа босанған мүгедек әйел үкіметтен көмек сұрайды. Нақтырақ айтсақ, 4-ші қабаттағы үйін 1-ші қабатқа алмастырып берсе дейді ол. Себебі қос аяғынан айырылған 39 жастағы қапшағайлық Райхан Баясылова 12 жылдан бері сыртқа шығудан қалған. Тұратын үйінде не лифт, не пандус жоқ. Енді нәрестелі болғалы тіптен таза ауаға мұқтаж.

  • 3 Қараша 2012
  • 380
Фото - Caravan.kz

Кішкентай Арсен Баясыловтар шаңырағында дүниеге келген үшінші бала. Бірақ жай емес, анасының ерлігімен туған сәби дерсің оны. Себебі осыдан 12 жыл бұрын Райхан теміржолда тіркелген оқыс оқиға кесірінен екі аяғынан айырып, мүгедек арбасына таңылған еді. 

Райхан Баясылова:

— Әрине, оңай емес. Бәріне қалыптасып, үйреніп қалдық. Үйде бәрін өзім істей беремін ғой. Бірақ далаға шығу бізге өте қиын. Таза ауа жұту керек. Өзіме де, балама да.

Өйткені пәтері 4-ші қабатта, лифті, пандусы жоқ үйде орналасқан. Сондықтан Райхан үйде көмек берер өзге адам болмаса, сыртқа сирек шығады. Тіпті айлап іште отырған кездері есінде. Қу тіршіліктің қамымен отағасы аптаның 7 күнінде де жұмыста жүрсе, ересек екі баласы оқуда. Әрі кісілі арбаны бір адамның көтеруіне де қиын.

Болат Баясылов, күйеуі:

— Сыртқа алып шығу үшін көрші-көлем, не туыстың біреуі шақырып, қыдырып қайтамыз. Ал мен жалғыз өзім алып шыға алмаймын. Өйткені өздеріңіз де көріп тұрсыздар ғой, 4-ші қабаттан 12 мүшесі сау адам үшін де қиын түсу.   

Әзірге Райханға күйеуінен басқаның көмегі тимей тұр. Жігер беріп, шамасы жеткенше демейтін де сол ғана.


Райхан Баясылова:

— Осыдан 3-4 жыл бұрын мүгедек арбасын берген әкімдіктен. Бір адам келіп, құжат жағынан болысып тұрады. Бірақ қаржылай көмек жоқ, үй сұрағаннан.

Десе де ерлі-зайыпты шүкіршілік етіп: «Барға қанағат», — дейді. Тек кей-кейде қысылғанда Үкіметтен азын-аулақ жәрдем тисе деп тілейтінін жасырмайды. Әйтпесе, банкке кепілге қойылған пәтерін не сатуға, не ауыстыруға мүмкіндік болмай отыр. 7 жыл қалған несиесін жалғастырып төлей бермек, егер 1-ші қабаттан үй алуға жағдай туса.

Соңғы жаңалықтар