Алматы облысында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

Алматы облысында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

6 қазанда Алматы облыстық сотының жалпы отырысында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды. Жиынға облыстық соттың судьялары, прокуратура және ішкі істер органдары мен БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен.

  • 7 Қазан 2014
  • 392
Фото - Caravan.kz


Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі №917 Жарлығымен Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы төрағасы қызметіне Советхан Сәкенұлы Сәкенов және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметіне Жанар Мұхадиқызы Ибрагимова тағайындалды. Бұған дейін С.Сәкенов Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы лауазымын атқарған.

Алматы облыстық сотының төрағасы М.Таймерденов жаңадан тағайындалған судьяларға еңбектеріне табыс тілеп, сот төрелігін жүзеге асыруда әділ әрі бейтарап болуға шақырды.