Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 10 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+15 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 10 адам қаза тапты

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 10 адам қаза тапты

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты! «Алматы-Ақтерек-Алға» тас жолында қос жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, он адам қаза тапты. Жоғары жылдамдықпен жүйіткіген «Мерседес» таң алдында қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан «Тойотаға» соқтығысқан.

  • 8 Желтоқсан 2015
  • 233
Фото - Caravan.kz

Мәліметтер бойынша, 23 жастағы жігіт рөлге ие бола алмай қалыпты. Көліктің екеуінде де бес адамнан болған. Соққының қатты болғаны сонша, ешқайсысы тірі қалмады. 10 адамның бірі 20 жастағы бойжеткен, қалғандары әлі отызға да толмаған жігіттер. Олар – Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының тұрғындары.