Алматы облысында жас мамандарға 109 үй салынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жас мамандарға 109 үй салынуда

Алматы облысында жас мамандарға 109 үй салынуда

Аудан тұрғындары Мемлекет басшысының шешімімен шекаралық аймаққа ерекше көңіл бөлініп, Нарынқол жаңа ауданның орталығы болғанына және мұндағы атқарылып жатқан жұмыстарға деген қуаныштарын жасырмады. Жұмыс нәтижелері бір жылға жуық уақыттың ішінде көріне бастады. Жолдар жөнделді, жарықтандыру жүргізілді, тұрғын үйлер салынды, балалар алаңдары мен спорттық алаңдар пайда болды, ең бастысы ауданға жастар орала бастады.

Елбасының Жарлығы шыққаннан бергі уақытта ауданға 700 адам қоныс аударған. Сондықтан жас мамандарды баспанамен қамту ең маңызды мәселелер қатарында. 20 жалға берілетін үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 395,3 млн теңге бөлініп, үйлер пайдалануға берілген.

Өңір басшысы алдымен өткен жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген тұрғын

  • 17 Қаңтар 2019
  • 36
Фото - Caravan.kz

Елбасының Жарлығы шыққаннан бергі уақытта ауданға 700 адам қоныс аударған. Сондықтан жас мамандарды баспанамен қамту ең маңызды мәселелер қатарында. 20 жалға берілетін үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 395,3 млн теңге бөлініп, үйлер пайдалануға берілген.

Өңір басшысы алдымен өткен жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пунктін аралап көрді. Мұнда полиция қызметкерінің жұмыс істеуіне барлық қолайлы жағдай жасалған.

Алматы облысында өткен жылы осындай тұрғын үймен біріктірілген 167 УПП салынған болатын. Сондай-ақ Амандық Баталов берілетін 89 үйдің ішінен полиция қызметкерлеріне де үй беруді қарастыру керектігін атап өтті. Сол сияқты Нарынқол шекара завставасының да қызметімен танысты.

«Жалпы ауданда жұмыс жақсы жүріп жатыр. Әлі де атқарылатын іс көп. Мемлекет қолдауының арқасында біздің мүмкіншіліктеріміз мол, барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Қолға алынып жатқан жобалардың сапасы бірінші кезекте талап етілетін болады», — деді Амандық Баталов.