Алматы облысында жас жігіт полицей болып киініп, жұртты алдаған, деп хабарлайды sputniknews Алматы ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. .
Алаяқтық туралы шағымды полицияға жас әйел түсірген екен.
Оның айтуынша, полиция қызметкері болып танысқан ер адаммен осы айдың басында әлеуметтік желі арқылы араласа бастапты.
Полицейсымақ анам ауыр дертке шалдыққан, емделуіне көп қаражат кетеді деп алдаған.
"Сенімге кіріп алған ер адам алдап-сулап, 1 миллион 86 мың теңге иемденіп кеткен. Кейін, арыз берушінің айтуынша, қоңырауға жауап бермей қойыпты", — деп хабарлады полиция.
"Әуелі күдіктінің кім екенін анықтадық. Әлеуметтік желідегі парақшасына жалған деректер жазыпты. Бұл адамның ішкі істер органдарына, басқа да құқық қорғау құрылымдарына қатысы жоқ. Күдіктінің кім екенін анықтап, ұстау еш қиындық туғызбады.
© FOTO: ДВД АЛМАТЫ
Полицей болып, жұртты алдаған жігіт
Қазіргі уақытта ұсталған 23 жастағы азамат алаяқтық бабы бойынша қызмыстық жауапкершілікке тартылған.
Ер адам кінәсін бірден мойындап, ақшаны өз қаражатын жұмсағанын айтқан.