Алматы облысында жасырын 10 ойын мекемесі жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жасырын 10 ойын мекемесі жабылды

Алматы облысында жасырын 10 ойын мекемесі жабылды

Қазан айында Алматы облысының аумағында ақшалай ұтыс беріліп келген 10 ойын залы мен клубтың қызметі тоқталды. Жасырын ойын мекемелерінен 144 ойын автоматы тәркіленді.

  • 1 Қараша 2012
  • 324
Фото - Caravan.kz

Заңсыз кәсіпкерлік қызметтің бір фактісі Талғарда, қалғандары Талдықорғанда анықталды. Кеше ғана облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері көпқабатты үйдің пәтерінде орналасқан клубты анықтады. Үйдің иесі ол жерді ойын-сауық мекемесіне айналдырып, 19 ойын автоматын орналастырып үлгерген.

Заңсыз қызмет еткен ойын мекемелерінің иелеріне қатысты ҚР ҚК-нің 269 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың барлығынан ешқайда кетпейтіні жайлы қолхат алынды. Ойын автоматтары сот-техникалық сараптамаға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар