Заңсыз кәсіпкерлік қызметтің бір фактісі Талғарда, қалғандары Талдықорғанда анықталды. Кеше ғана облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері көпқабатты үйдің пәтерінде орналасқан клубты анықтады. Үйдің иесі ол жерді ойын-сауық мекемесіне айналдырып, 19 ойын автоматын орналастырып үлгерген.
Заңсыз қызмет еткен ойын мекемелерінің иелеріне қатысты ҚР ҚК-нің 269 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың барлығынан ешқайда кетпейтіні жайлы қолхат алынды. Ойын автоматтары сот-техникалық сараптамаға жіберілді.