Алматы облысында жазғы демалыспен шамамен 81,3 пайыз бала қамтылады

Облыстық білім басқармасынан хабарлағандай, облыстық бюджеттен бұл мақсатқа 94 млн. теңге бөлінді.

«73 млн. теңгені аз қамтылған отбасылардың балалары мен жетім балаларды демалыспен қамтамасыз етуге жұмсалмақ. Жалпы облыс бойынша бұндай санаттағы балалар саны 22 мыңға жуық», - деп түсіндірді білім басқармасының бас маманы Майгүл Омарова.