Алматы облысында жедел жәрдем қызметіне 51 жаңа көлік берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жедел жәрдем қызметіне 51 жаңа көлік берілді

Алматы облысында жедел жәрдем қызметіне 51 жаңа көлік берілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы облысындағы медицина қызметкерлеріне 51 жедел жәрдем көлігі берілді.

  • 15 Желтоқсан 2017
  • 219
Фото - Caravan.kz

Көлік кілттерін облыс әкімі Амандық Баталов табыстады, деп хабарлайды Baq.kz  Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жиналғандарды құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов:

— Құрметті медицина саласының қызметкерлері! Сіздерді келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Осы мереке қарсаңында мемлекет қолдауының арқасында бүгін сіздердің қуаныштарыңыз еселеніп отыр. Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат көлемі жылдан жылға өсіп келеді. Соның нәтижесінде заман талабына сай денсаулық сақтау нысандары салынып, олар ең соңғы медициналық құралдармен жабдықталды. Бүгінгі күні аса күрделі операцияларды облыста өз дәрігерлеріміз жасай бастады және шетелде білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Тек соңғы 3 жылда 50-ден астам дәрігер Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Латвия, Польша, Израиль, Түркия сынды алыс шетелдерде білімін жетілдірді, — деп атап өтті.

Медицина саласына жасалып отырған қолдау шараларын тілге тиек ете келе:

— Соңғы жылдарда емдеу мекемелеріне 218 санитарлық автокөлік сатып алынса, жергілікті бюджет есебінен 640,0 млн.теңгеге 51 жедел жәрдем көрсететін жылжымалы кешеннің кілтін бүгін салтанатты түрде тапсырып отырмыз. Елбасының басшылығымен атқарылған осы игі шаралардың бәрі де сіздердің болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз еңбек етулеріңізге жасалған жағдай деп біліңіздер, — деді А. Баталов.

Мұнан соң Талдықорған қалалық № 2 емхананың кардиологы Қымбат Исафина медицина мамандарының атынан сөйлеп, тілегін білдірді. Қ. Исафина көрсетілген қолдаулар үшін алғысын айтып, денсаулық сақтау мамандары қызмет көрсету сапасын арттыруға, халықтың денсаулығын жақсартуға бар күш-жігерін жұмсайтындығын жеткізді.


Алматы облысының емдеу-профилактикалық мекемелерін автокөлікпен қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылы 51 бірлік автокөлік алу үшін жергілікті бюджеттен 640,0 млн. теңге бөлінген. Оның 33 бірлігі — санитарлық автокөлік, 18-і — желілік, реанимациялық және кардио-реанимациялық бригадаға арналған жылжымалы медициналық жедел жәрдем кешені. Бұл кешен медициналық құралдармен (электрокардиограф, дефибриллятор, жасанды демалту портативті аппараты т.б.) қамтамасыз етілген. Барлық автомашиналар облыстың аудан, қалаларындағы медицина ұйымдарына бөлінетін болады.

​​​​​​​

Соңғы жаңалықтар