Алматы облысында жеміс бақтарын қалпына кекелтіру жобасы іске асырылуда - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жеміс бақтарын қалпына кекелтіру жобасы іске асырылуда

Алматы облысында жеміс бақтарын қалпына кекелтіру жобасы іске асырылуда

Алматы облысында жеміс бақтарын қалпына келтіру жобалары іске асырылуда, деп облыстық ауыл шаруашылық басқарма бастығы Бағдат Әлиев дүйсенбі күні әкімшіліктегі кеңесте мәлім етті.

  • 6 Маусым 2011
  • 434
Фото - Caravan.kz

««AlmaProdex» ЖШС арқылы құны 158 млн-дық қарқынды технологиямен бақ салу жобасының алғашқы кезеңі аяқталды. Бұл компания «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен жаңа піскен жемістерді өңдеуге бейімделген. Ол Алматы мен облыс халқын арзан жеміспен қамтамасыз етуге бағытталған», — деді ол әкімдіктегі кеңесте.

Оның айтуынша, жоба негізіне Италия, АҚШ, Голландия мен Түркиядағы өнімділігі жоғары вируссыз бақтар салу тәсілі алынған.

Басқарма бастығының мәліметтерінше, былтыр Еңбекшіқазақ ауданындағы «Айдарбаев» ШҚ 140 мың көшет өсіріп, сатты. Өздерінде тауарлы бақ пен 600 тонналық қоймалары бар.

Қарасай ауданындағы «KazakhCool» ЖШС та жемістерді өсіру, өңдеумен айналысатын ерекше кешен. Мұнда бірден 2200 т жеміс, көкөніс, жидекті сақтауға болады. Бұл ретте 1400 т алма мен алмұртты тоңазытқыш камераларда сақтауға болады.

Панфилов ауданында «МКС Ақбоз» ЖШС те қарқынды бақ өсірумен айналысуда.

«Осы саладағы шаруашылықтар нығайған сайын келешекте импорт та азаятын болады. Жергілікті жемістер сырттан әкелінетін жемістерден тәтті әрі дәмді екені белгілі ғой. Оны бәрі де мойындайды», — деді Б. Әлиев.

Соңғы жаңалықтар