Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Апат Еңбекшіқазақ ауданында Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 30-шы шақырымында болды. «ВАЗ-2107» автокөлігінің жүргізушісі «Икарус» автобусымен соқтығысқан. Апат салдарынан «Жигули» жүргізушісі оқиға орнында жан тәслім етіп, үш жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.