Құрбан болғандар, зардап шеккендер мен қирау туралы мәлімет жоқ, деп хабарлайды агенттік.
25-тамыз , сәрсенбіде Алматы облысы Көксу ауданы Қапал ауылында қуаты 2 баллға жеткен жер асты дүмпуі тіркелді. Республиканың орталық сейсмологиялық станциясына сілтеме жасай отырып ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, жер сілкінісі 23 сағат 55 минутта болды. Сілкініс ошағы Қытай аумағында Жоңғар Алатауында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 372 шақырымда тіркелген. Жер сілкінісінің энергетикалық классы 14,5 болды.
Құрбан болғандар, зардап шеккендер мен қирау туралы мәлімет жоқ, деп хабарлайды агенттік.