Алматы облысында жер сілкінді
![]() |
Бүгін, 3 қаңтар күні таңертеңгі сағат 10.00-де Алматы облысында жер сілкінді. Бұл туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінен мәлім етті. Қуаты 3,6 балдық зілзаланың кіндігі Алматы қаласынан 90 шақырым жерде Еңбекшіқазақ ауданында орналасты. Энергетикалық санаты - 8,1, тереңдігі - 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін