Жарияланды: 390

Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысында жер сілкінді

6 қаңтар күні сағат 23.40-та Алматы облысында 4,8 магнитудасымен жер сілкінісі болды, энергетикалық санаты - К=10.8. ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, зілзаланың ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 282 шақырым жерде орналасты. Жер асты дүмпулері MSK-64 бағаны бойынша 2-3 балл қуатымен Ақсу ауданының Қапал кентінде сезілді. Құрбандар мен қираулар туралы мәліметтер түскен жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін