Алматы облысында жер үйлерде болған өрттерде 2 адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жер үйлерде болған өрттерде 2 адам көз жұмды

Алматы облысында жер үйлерде болған өрттерде 2 адам көз жұмды

Кеше Алматы облысында жекеменшік тұрғын үйлердің аумағында 2 өрт оқиғасы болды.

  • 9 Қараша 2012
  • 401
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, Ілеу ауданының Боралдау кентінде сағат 07.45-те жер үй өртенді, жалын толығымен сағат 08.10-да сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалынды сөндіру барысында 50 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Сондай-ақ Еңбекшіқазақ ауданының Ақбастау кентінде таңертеңгі сағат 5 шамасында жекеменшік үйдің ауласындағы шаруашылық нысандар жанды. ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің құтқарушылары тілсіз жауды толығымен бір жарым сағаттан кейін ауыздықтады. Өртті сөндіру барысында тұлғасы анықталмаған ер адамның денесі табылды. 1957 жылы туған тағы бір адам күйік жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар