Алматы облысында жергілікті тұрғын газ тапаншасынан таныс әйелдің қақпасын атқылады
Алматы облысының Сарқанд АІІБ-не жергілікті әйел келіп, белгісіз біреу оның үйінің қақпасын атқылағаны туралы хабарлады. |
Жедел-іздестіру шараларының барысында полицейлер күдіктіні ұстады. Ол осы әйелдің Сарқанд қаласында тұратын танысы болып шықты. Полицейлер ер адамнан аңшылық шолақ мылтық пен ешқандай рұқсат беретін қағаздары жоқ «Вальтер» газ тапаншасын тәркіледі.
Ұсталған азамат ақталу үшін оған 36 қой қарыз болған борышкерін қорқытпақшы ғана болғанын айтты.
Дегенмен, ұсталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы - «Бұзақылық» және «Оқпен атылатын қаруды заңсыз сақтау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда, оның аяқталуына дейін күдікті ешқайда кетпеу хатын толтырып, босатылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін