Жарияланды: 440

Алматы облысында жоғалып кеткен 11 жасар баланың өлі денесі табылды

Алматы облысында адасып кеткен 11 жасар баланың денесі тау арасынан табылды. Туабітті сөйлеу қабілетінен айырылған жеткіншек өткен дүйсенбіде із-түссіз жоғалған болатын.

Күн күрт суытқан соң әкесі өрістегі малдың жанында қалып, ұлын үйіне жіберіпті. Бірақ жеткіншек сол күйі ауылға баратын жолды таппай, адасса керек. Жоғалған баланы іздеуге құтқару қызметі, полиция мен ауыл тұрғындарын қосқанда жалпы саны 120 адам қатысқан. 4 күн тау ішін шарлаған із кесушілер мәйітті тек бүгін, Ақтан ауылы маңынан тапты. Жеткіншек суықта үсіп өлді деген болжам жасалып отыр. Дегенмен нақты себебі сот сараптамасынан кейін белгілі болмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін