Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақты іздеуге Шығыс Қазақстан құтқарушылары да қосылды
![]() |
Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары көршілес өңірде жоғалып кеткен тікұшақты іздеуге кірісті. |
«Жоғалған тікұшақты іздеуге Үржар аудандық ТЖ бөлімі де кірісті. Әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Біз шекаралас болғандықтан тікұшақты өз аумағымыздан іздестіріп жатырмыз», - деп дүйсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне ШҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі өкілі Анастасия Скляр мәлімдеді.
«Барлық мәселелерге Алматы облысы жауап береді. ШҚО құтқарушылары негізгі іздеу операциясына жұмылдырылмаған», - деді А.Скляр.
Бұрын хабарланғандай, қарашаның 24-інде таңғы сағат 8:20-да «Атасу-Алашанькоу» магистральді мұнай құбырының желілік учаскесін барлауға шыққан «ЕурАзияЭйр» АҚ тікұшағы сағат 12-де жоғалып кеткен.
Тікұшақ бортында барлығы 8 адам болған.
Осы екі арада бүгін МИ-823 тікұшағын іздеуге ҚР ТЖМ-нің Алматы облысы бойынша 4 тікұшағы аттанды.
ТЖМ-нен хабарлағандай, «Еуразия Эйр» АҚ-ның жезқазғандық филиалының иелігіндегі МИ-823 тікұшағын «Қазақстандық-қытайлық құбыр желісі» ЖШС Атасу-Алашаңқой мұнай құбырын қарау үшін жалға алынды. МИ-823 Алматы облысындағы Қазақстан ауылына жақын жердегі тікұшақ алаңынан 24 қараша күні сағат 08:30-да ұшты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін