Апат жексенбі күні таңертең Алматы-Өскемен тас жолында болып, «Опель» және «Тойота» автокөліктері соқтығысып қалды, соңғысы жанып кетті. «Өртті сөндірген кезде «Тойотаның» ішінен жанып кеткен төрт мәйіт табылды. Олардың аты-жөні белгісіз. Сонымен бірге оқыс оқиға орнында «Опель» автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы -Германияа азаматы мерт болды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті