Апат Алматы-Өскемен тас жолының 259 шақырымында болып, «Фольксваген» және «ВАЗ-21099» автокөліктері соқтығысып қалды. Апат салдарынан «Жигули» көлігінде отырған әйел оқиға орнында қаза тауып, екі жүргізуші мен тағы да үш жолаушы, соның ішінде 7 жасар бала түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.