Мекеме ақпаратына сәйкес, апат Еңбекшіқазақ ауданында, 2-тамызда Алматы-Маловодное тас жолының 59-шақырымында болған. «Москвич-412» автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында мерт болып, екі жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.