Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жол апаты 8-наурызда Жамбыл ауданында Ұзынағаш-станция Ұзынағаш автожолының 4-шақырымында болған. «ВАЗ-2121» автокөлігінің жүргізушісі «ВАЗ-21063» автокөлігімен соғысып қалған. Апат салдарынан «ВАЗ-21063» автокөлігінде отырған 20 жастағы жолаушы қыз қаза тауып, екі жолаушы мен «ВАЗ-2121» автокөлігінде отырған екі жолаушы ауруханаға түсті.