Жол апаты Іле ауданында Алматы-Өскемен тас жолының 33-шақырымында 3-сәуірде болды. «Тойота-Ландкрузер Прадо» автокөлігінің жүргізушісі көлігінің тізгініне ие бола алмай, аударып алды. Апат салдарынан үш жолаушы, соның ішінде 3 және 11 жастағы екі бала оқиға орнында қаза тапты. Тағы төрт адам, соның ішінде 9 және 11 жастағы екі бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.