Алматы облысының Қапшағай қаласында Алматы-Өскемен тас жолының 62 шақырымында жол апатынан үш адам мерт болып, бір адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Жол апаты 25-қазанда кешке болып, «Ауди-80», «Мицубиси-Галант» және «ЗиЛ» автокөліктері соқтығысып қалған. «Мицубиси-Галант» және «ЗиЛ» автокөліктері апаттан кейін жанып кетті. Жол апаты салдарынан «Мицубиси-Галант» автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі мен оның 30 және 26 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.