Мекеме ақпаратына сәйкес, Талғар ауданында 4-қазанда Алматы-Талғар тас жолының 10-шақырымында 21 сағатта «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кету салдарынан олар оқиға орнында мерт болды.
Сол күні Ұйғыр ауданында Ақсай-Шонжы-Құлжа тас жолының 55-шақырымында 18 сағат 50 минутта «ВАЗ-21074» автокөлігінің жүргізушісі «Стеир» автокөлігімен соқтығысып қалды. Соның салдарынан «Жигули» жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырып, тағы біреуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті