Жол апаты Үштөбе-Талдықорған автожолының 20-шақырымында, Қаратал ауданында болып, «Мерседес» және «ВАЗ-2109» автокөліктері соғысып қалды. Апат салдарынан «Жигулиде» отырған 3 адам, соның ішінде 7 жасар бала қаза тауып, екі жолаушы мен Мерседесте отырған бір жолаушы ауруханаға түсті.