Министрлік ақпаратына сәйкес, Алакөл ауданында Ақтоғай-Дружба өткелегінің 181-ші шақырымында 12-ақпанда 3 сағат 3 минутта жүк таситын 56 вагоны бар отарбаның бір бос вагоны шойын жолдан шығып кетті. Оқиға орнына Достық темір жол бекетінің жөндеуші және қалпына келтіруші отарбасы жіберілді. Поездардың қозғалысы тоқтатылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
8 сағат 15 минуттағы жағдаймен поездардың қозғалысы қалпына келтірілді. Апаттан құтқару жұмыстары толық аяқталды. Төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға 48 адамнан құралған жөндеушілер тобы мен Достық темір жол бекетінің жөндеуші және қалпына келтіруші отарбасы жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті