Алматы облысында жүргізуші жүргіншілер жолағында үш адамды қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жүргізуші жүргіншілер жолағында үш адамды қағып кетті

Алматы облысында жүргізуші жүргіншілер жолағында үш адамды қағып кетті

Алматы облысында еш уақытта жүргізушілік куәлігі болмаған жүргізуші жүргінші жолағында үш адамды қағып кетті. Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес көлік басқарған 25 жастағы ер адам УҰИ-ға қамалды.

  • 2 Маусым 2016
  • 343
Фото - Caravan.kz

Оқиға 21 мамырда Еңбекшіқазақ ауданында Шелек селосында орталық көшелердің бірінде орын алды, «Фольксваген Джетта» көлігінің жүргізушісі үш жүргіншіні басып кетті, олардың біреуі ауруханаға апара жатқан жолда қайтыс болды.

«Жолдың өтетін бөлігінде жүргінші жолымен үш адам өтіп келе жатқан. Олардың ішінде 34 жастағы ер адам, кішкене баласымен 35 жастағы әйел болды. Әйел дәрігерлер көмек көрсеткенімен, жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Үш жасар қыз бала мен ер адам дәрігердің бақылауында», — деп хабарлады полиция.

ІІД баспасөз қызметі иномаркада рульде болған ер адамның  жүргізушілік куәлігі жоқ, әрі мүлдем болмағанын хабарлады.


 «Қазір ЖКО фактісі бойынша соталды тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс тергеу басқармасында өндірісте»,  — делінген хабарламада.