Алматы облысында жүздеген саудагер базарға шығудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жүздеген саудагер базарға шығудан бас тартты

Алматы облысында жүздеген саудагер базарға шығудан бас тартты

Алматы облысында 300-ден аса саудагер базар қожайынына қарсы шықты. Айтуларынша, сауда орнының иесі жерді жалға беру ақысын негізсіз қымбаттатып жіберген. Онсыз да саудамыз жүрмей қалды деген олар жердің ақысын 10 мың теңгеге артық бағамен төлеуге шамамыз жетпейді дейді. Бірақ облыстық Мәслихат депутаттығын қатар арқалап жүрген базар басшысы айғай-шу ақы үшін емес, әлдебіреулердің айтағымен жасалған деген сенімде. 

  • 26 Қыркүйек 2015
  • 557
Фото - Caravan.kz

Шелек ауылындағы «Әж-Шағ-Рай» әмбебап базарының саудагерлері 20 жылға жуық тұрған орындарынан кетеміз деп шулап жатыр. Бәрінің де уайымы бір. Базар басшылығымен жерді жалға алу ақысына келісе алмаған.

Күләш Әкімжанова, саудагер:

-Жергілікті тауарлардың бәрі 30 пайызға қымбаттап жатыр. Ал енді бірден 8 мыңнан 18 мыңға, 13 мыңнан 23 мыңға біз ондай күнделікті сауда жасай алмаймыз. 

Мұндағы қаздай тізілген темір вагондарда қасқалдақтың қанынан басқаның бәрі бар. Тек саудаға дұрыс жағдай жасалмаған. Аптап ыстық пен үскірік аязда да қуықтай контейнерден шықпайтын олар бағаны өсіру нағыз басынғандық дейді. Ал 96-шы жылдан бері осы жерге иелік етіп келе жатқан Жарқын Жүнісбаев облыстық Мәслихаттың депутаты екен. Ол жер аумағының ақысын 2010 жылдан бері енді ғана амалсыз көтеріп отырмын деген уәж айтты.

Жарқын Жүнісбаев, базар қожайыны:


-Біз шыдадық. Енді көтермеуге тырыстық, халықтың жағдайын түсінуге. Осы 19 жылдан бері сол халықтың жағдайы көтерме, көтермемен келе жатырмыз. Мен сияқты мына Маловодный деген жерде қазір 300 теңге алады күніне, арендасы бар 45 мың теңге айдың аяғында. Менің алып жатқаным жерге ғана.

Десес де, наразылық көбейген соң жалға алу бағасы біраз төмендетіліпті. Бірақ бұл да ушыққан жағдайды басқан жоқ. Сондай-ақ, монополияға қарсы қызмет те бұған шара қолдана алмай отыр.

Жиырма жыл бойы берекелі жұмыс істеген әмбебап базарда жалға беру ақысының қымбаттауы осымен екінші рет екен. Бірақ, соның өзін жағдайымыз көтермейді дегендердің алды бұл жерден заттарын жиып кетіп жатыр. Ал қалған 300-ден аса саудагер қайда барарларын да білмейді. Себебі, бұл Шелектегі апта бойы тоқтаусыз жұмыс істейтін жалғыз базар.

Соңғы жаңалықтар