Алматы облысында жылу маусымына қамдану үшін бюджеттен 12,7 миллиард теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жылу маусымына қамдану үшін бюджеттен 12,7 миллиард теңге бөлінді

Алматы облысында жылу маусымына қамдану үшін бюджеттен 12,7 миллиард теңге бөлінді

Алматы облысында жылу маусымына қамдану үшін бюджеттен 12,7 миллиард теңге бөлінді, соның ішінде 3,7 млрд. теңге отын сатып алуға жұмсалатын болса, 9 млрд. теңге коммуналдық шаруашылық нысандарын жөндеуден өткізуге кетеді.

  • 15 Маусым 2011
  • 396
Фото - Caravan.kz

Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Ызғарбек Бектұрсынов хабарлағандай, бөлінген қаражаттың 1,8 млрд. теңгесі дизель отынын, 662,8 млн.теңге көмір сатып алуға және 1 009,7 млн. теңге мазут сатып алуға арналған. Бұл қаражатқа 20,7 мың тонна сұйық отын сатып алу көзделген. Бұл міндет 96 пайызға орындалды.

Облыс әкімінің тиісті қаулысына сай, бюджет саласындағы 2 041 нысанды жылу беру маусымына дайындап, 31 қазандықты жөндеуден өткізу керек.

Соңғы жаңалықтар