Алматы облысында жылудан қағылған жұрт наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жылудан қағылған жұрт наразылық білдірді

Алматы облысында жылудан қағылған жұрт наразылық білдірді

Алматы іргесіндегі Қаскелең кентінде жылуға жарымаған жұрт шу көтерді. 5 қабатты жатақхананың тұрғындары бұған дейін әр пәтерге пеш қойып, өз беттерінше амалдап келген екен. Бірақ былтыр бұл ғимарат «тұрғын үйлерді модернизациялау бағдарламасына» ілігіп, орталық жүйеге қосылады деген желеумен барлығының ошақтары алынып тасталыпты. Ал оның орнына жылу берген ешкім жоқ. Оның үстіне күздің қара суығында басталған жөндеу жұмыстары бітпей, жұрттың ығырын шығарған.

  • 8 Қаңтар 2013
  • 337
Фото - Caravan.kz

Айтпа өйтіп әңгіме маған, істемейсің бе-алма!

— Өздеріңіз келдіңіздер ғой..

— Қайсы кім барды, қай тұрғын барды?

— Мүлдем ауыздарыңды ашпа, саған қыстың күні ешкім жөндеуді баста деген жоқ.

— Сіз айтқансыз басында.

— Мен жазда айтқанмын.

Жауаптылармен жаға жыртыса жаздап ашуға мінген елдің қыларға қайраты қалмапты, арызданбаған жерлері жоқ. Бірақ жарытып жауап та келмеген. Қыстың көзі қырауда қатып қалған жұрт барлық пәле күздің қара суығында басталды дейді. Тозығы шыққан жатақхана «тұрғынүйлерді модернизациялау бағдарламасы» бойынша шілде айында жөнделуі керек болған. Алайда қаржының дер кезінде бөлінбеуінен жөндеу жұмыстары тек қарашада басталыпты. Жасалған жұмыстың сапасы да сын көтермейді деп кейиді тұрғындар.

Назира Байбаққызы, жатақхана тұрғыны:

Біз бұл кісілердің былықтырып кеткеніне 7 жыл ақша төлейміз. Не үшін сонда, 37 млн бөлінді? Жарайды 7 млн анаумен-мынаумен кетсін. Қалған 30 млн-на қатырып тұрып жөндеу  жасап беруге болады ғой. Қыс түскенде бізге керек емес еді ол жөндеу. Көктемде адам сияқты бастау керек еді. Қазір әне былығып жатыр ішінің барлығы.

Бәрінен бұрын жанға батқаны бұған дейін пәтерлерді жылытып келген ошақтардың бұзылғаны. Жөндеу басталғанда жауаптылар қолдан жасалған пештерді тас-талқан қып орнына орталықтандырылған көгілдір отын қосып қарқ қылмақ болыпты. Алайда артық қыламыз деп тыртық қылған тағы олар.


Дильнара Қайратқызы, “Қарасай Тұрғын үй Құрылыс” ЖШС директоры:

Қаскелеңде орталықтандырылған арнайы жылу орталығы болмағандықтан біз қазандық жасауға бел шештік. Алайда газ шаруашылығы әлі күнге дейін бұл жатақханаға көгілдір отын беруге келісер емес. Әркез артқа сырып келеді, соның салдарынан біз кінәлі болып отырмыз.

Көтере алмайтын шоқпарды белдеріне байлаған жауаптылардың кесірінен тұрғындар өз үйлерінде қымтанып отыруға мәжбүр. Есік терезе көрпемен оралған. 

Тілеухан Қадірімбетова,жатақханатұрғыны:

Қыс бойы тоңып отырмыз, ауырып жүрмін аяғым ауырып жүр. Жылу бермеді, бүгін береміз ертең береміз, үш күннен кейін береміз бес күннен кейін береміз деп алдайды құр.

Қыс ортасы болса да тоқтамаған жөндеу жұмыстарының салдарынан жатақханаға кіріп-шығу қиямет. Электр тоқтары салбырап құрылыс материалдары шашылып жатыр.

Өткен жылдың қарашасында басталған мынау қарбалас құрылыстың салдарынан жапа шегіп жанарларын жас шылаған қараша міне қаңтардың қақ ортасы болды әлі қатып үсіп отыр. Жылуға жарымай жарықтан тарыққан жұртшылық бүгін жауаптылармен жағаласуға дейін барды. Алайда шенділер осы қаңтардың қақ ортасына дейін тұрғындардың бас ауруына айналған басты мәселелерін басы бүтін шешіп береміз деп уәде етіп кетті тағы.