Алматы облысындағы ауылда сел жүрген - Видео - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысындағы ауылда сел жүрген - Видео

Алматы облысындағы ауылда сел жүрген - Видео

Дүйсенбі, 3 маусымда Алматы облысы Панфилов ауданы Қытаймен шекарадағы "Қорғас" кеден бекетіне жақын орналасқан Пенжім ауылының тұрғындары елді мекенде сел жүргенін хабарлады.

  • 4 Маусым 2019
  • 100
Фото - Caravan.kz

Оқиға куәгерлері Tengrinews.kz редакциясына селдің видеосын жіберді.

Кадрларда ауылды лай су шайып жатқаны көрінеді. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіндегілер ауа температурасының жоғарылауы мен таулы жерлерде жауын жауғанның салдарынан жаңбыр суы төмен аққанын хабарлады. Пенжім ауылы Қытай шекарасына жақын орналасқан. © Google Maps "Су деңгейінің артуынан бірнеше көше мен аула аумағын су басып қалды. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар Жаркент-Қорғас жолымен сел өтті. Апат салдарын жоюға 190 адам мен 40 техника жұмыс істеп жатыр. Оқиға болған жерде жедел штаб құрылды. Тұрғындарды көшірмедік, өтініш білдіргендер жоқ. Қазіргі таңда 270-тен аса аула аумағын су басты. Пенжім ауылының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелері (электрмен, сумен жабдықтау) штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Арық жүйесінің мұндай су көлеміне күші жетпеді. Тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстар құлады деген мәлімет жоқ. Тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Су ағыны тоқтатылды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Жағдай бақылауда", — делінген хабарламада. © ҚР ІІМ ТЖ комитеті ТЖД 31 мамырда ескерту хаттарын таратқанын еске салды. Онда 2, 3 маусымда Алматы облысында қатты жауынның салдарынан су деңгейі өсіп, сел жүруі мүмкін екенін хабарлаған.
 


Соңғы жаңалықтар