Қазір оқиға орнын үйіндіден тазарту жұмыстары жалғасуда. Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, «тазарту жұмыстары үйінді астында адам қалды-ау деген күдік біржола сейілгенге дейін жалғаса береді».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 14-наурыз күні түнгі 1 сағат 32 минутта мол жауған жаңбыр салдарынан Талдыбұлақ ауылында лай көшкін түскен болатын. Соның салдарынан екі қабатты бір тұрғын үй жартылай, ал барак үлгілі бір жай үй толықтай қирап, үйіндіге айналды. Бұл үйлерде 43 Қазақстан азаматы мен 9 Қытай азаматы тұрған.
15-наурыз күні түс әлетінде үйінді астынан қайтыс болған 28 адамның, соның ішінде 6 бала мен 15 әйелдің мәйіті шығарып алынды. Ал бүгін құтқарушылар оқыс оқиға салдарынан құрбан болған тағы бір адамның мәйітін тапты.