Алматы облысындағы лай көшкін түскен жерден 400 текше метр лай-батпақ алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысындағы лай көшкін түскен жерден 400 текше метр лай-батпақ алынды

Алматы облысындағы лай көшкін түскен жерден 400 текше метр лай-батпақ алынды

Алматы облысындағы лай көшкін түскен жерден 400 текше метр лай-батпақ алынды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының оперативті кезекшісі хабарлады.

  • 14 Мамыр 2004
  • 528
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, мамырдың 12-сінен 13-іне қараған түні Алматы облысы Қарасай ауданындағы Үлкен Алматы сайында лай көшкін түсті. Алдын-ала жорамал бойынша, лай-көшкін көлемі 3-4 мың текше метрді құраған. Оқыс оқиға салдарынан екі үй лайсаң астында қалды. Құтқарушылардың жорамалы бойынша, көшкін түскен кезде үйлердің бірінде екі адам болғанға ұқсайды.

13-мамыр күні кешкісін құтқару шараларының нәтижесінде лай-көшкін астынан бір көлік шықты. Джип автокөлігінде адамдар болмаған, қазіргі жағдаймен оның иесі кім екені анықталды.
Бүгін төтенше жағдай болған жерде Республикалық шұғыл құтқарушы отрядының құтқарушылары, Алматы облыстық және Қарасай аудандық өртке қарсы күрес қызметінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Құтқару жұмыстарына 150-дей адам қатысуда. Жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасын тапты. Ақырғы нәтижеге қол жеткізбейінше, іздестіру жұмыстары толастамайды дейді құтқарушылар.

Соңғы жаңалықтар