«Алматы облысы Еңбекші қазақ аудандық сотында Аймен ауылындағы орта мектеп директоры А.Жүнісоваға қатысты қылмыстық іс қаралды.
А.Жүнісованың лауазымды тұлға ретінде мектеп қызметкерінен география сабағын беру сағаттарын көбейтіп, бастауыш сыныптарда сабақ беруі үшін екінші дәрежелі маман атануға көмектесуі үшін 20 000 теңге пара алғаны анықталды. Сотта айыпталушы кінәсын мойындап, істеген ісіне өкінді», — деп хабарлады Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінен.
А.Жүнісова ҚР ҚК 366-бабы 1-тармағы бойынша айыпты деп танылды. Оған 1 000 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, экс-директордан оның жеке мүлкін тәркілеп, өмір бойына мемлекеттік қызметте және жергілікті басқару органдарында лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынады.