Ауа райын бақылаушылардың ақпаратына жүгінсек, алдағы үш тәулікте, дәлірек айтсақ, 16, 17 және 18-шілдеде Іле және Жоңғар Алатауларында нөсер жауу мүмкіндігіне байланысты су тасқыны қалыптасып, сел жүруі мүмкін.
Осыған байланысты ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің басшылығы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы мен «Қазақ селден қорғау» қызметіне адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды.