Алматы облысындағы ұлттық қорықта болған жаппай кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу аяқталды
Іле-Алатау қорығында болған жаппай кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу аяқталды, деп еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті. |
«Қылмыстық істі тергеп-тексерген арнайы прокуратура жуырда оның нәтижесін жариялайды деп ойлаймын. Қазір қалпына келтірілді», - деді министр дүйсенбі күні журналистерге.
«Қылмыскерлердің тауға ор қазып, әйелдерімен бірге тұрғаны анықталды. Олардың бірі сол жерде босанып та үлгеріпті. Әрине, қорық аумағында жат кісілердің жүргенін сезген қорықшы Панайот Захаропуло екінші қорықшымен бірге шығып, оларды тауып алған. Біздің қолымыздағы деректерге сүйенсек, қылмыскерлер алдымен қорықшыны, содан соң оның кордонындағылардың бәрін өлтірген», - дейді министр.
Тергеу нәтижесінде белгілі болғандай, П.Захаропулоның кордонындағы қырғыннан кейін олар «әйелдерін алып шығып, үшінші кордондағы куәлердің бәрін жайратып салған».
«Қылмыс картинасы осындай, қазір біз қылмыскерлерді іздеп жатырмыз», - деп қорытты ол.
ІІМ хабарлауынша, аталған қылмысты жасады деген күдікпен Хайыров Саян Махсотұлы мен Ботабаев Зәуірбек Расылханұлы іздестіріліп жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін