Жарияланды: 320

Алматы облысындағы «Үшарал-Достық» автожолы көліктің барлық түрлері үшін әлі де жабық

21 желтоқсан күні сағат 09.40-тан бастап қолайсыз ауа райына (бұрқасын боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты

көліктің барлық түрлері үшін жабылған Алматы облысындағы "Үшарал-Достық" автожолының 93-184 шақырымы аралығындағы учаскемен қозғалыс әлі де жанданбады. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК- ның баспасөз қызметінен хабарлады. Бұған дейін жабылған Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Алматы-Ташкент-Термез», «Жаскешу- Машат өткелі», Шығыс Қазақстан облысындағы "Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы", "Глубокое ауылы-РФ шекарасы", "Өскемен-Риддер-РФ шекарасы" "Белоусовка ауылы-Риддер қаласы", "Өскемен-Зырян-Рахман бұлақтары", "Ушанова ауылы-Зырян қаласы" күре жолдары қозғалыс үшін қайта ашылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін