Алматы облысының оқушылары ҰБТ-дан жоғары балл жинауда көш бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 475.18
  • 510.72
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының оқушылары ҰБТ-дан жоғары балл жинауда көш бастады

Алматы облысының оқушылары ҰБТ-дан жоғары балл жинауда көш бастады

Алматы облысы Талғар ауданының оқушылары ұлттық біріңғай тестілеуден 138 және 140 балл жинады.

  • 28 Маусым
  • 52
© Sputnik / Владислав Воднев

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғарғы 138 балл жинаған Саясат Жанұзақ Талғар ауданындағы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы 7 жалпы білім беретін лицей орта мектебінің» түлегі.

«Мектепке дейінгі кезде өзге балалар сияқты далада доп қуалауға түк қызықпайтынмын. Үйде өзімнің сүйікті ойыншығым – констукторлардан түрлі ұшақтар, роботтар, көліктер құрастыратынмын. Өзімнің ең жақын деген бір досым болатын, сол досыммен бірге далада құрастырғыш ойыншықтардан жасаған заттарымызбен ойнағанды сүйетінбіз», — дейді Саясат Жанұзақ.

Орта буынға өткен кезде сабақтардан қиыншылық көргенмін, жаңа мұғалімдерге бірден үйренісіп кеткен жоқ едім, дейді Саясат.

ҰБТ-дан үздік балл жинаған Саясат Жанұзақ.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2024

ҰБТ-дан үздік балл жинаған Саясат Жанұзақ.

© жеке мұрағаттан

«Ұстаздарым Ұлжас Исаева, Жазира Есімжан апайларымды ерекше атап өткім келеді. Мектептегі әрбір пәнді, әсіресе физика, математика, биология, информатика және химия пәндерін ерекше зейінмен оқыдым. Өзіме қызық тәуелсіз түрде биологиялық тәжірибелер жүргіздім, ағылшын тілінен халықаралық IELTS емтиханынан 7.0 баллын алып, C1, яғни еркін сөйлеу деңгейіне жеттім», — дейді оқушы.

Саясаттың бар ұстазына алғысы шексіз. Өйткені мұндай белеске мұғалімдері болмаса жетуім мүмкін емес дейді ол.

«Мен 138 баллмен Қазақстан-Британ техникалық университетінде «Робототехника және мехатроника» мамандығы бойынша оқуға түсейін деп жатырмын. Медициналық роботтар жасау арқылы еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытып, жүйелерді автоматтандырып, елімнің дамуына септігімді тигізгім келеді. Өзімнен үлкен үміт күтемін», — дейді Саясат Жанұзақ.

ҰБТ-дан 140 балл жинаған

Талғар ауданы Қарабұлақ ауылының 22 орта мектебінің оқушысы Жаннұр Еңсебек ұлттық біріңғай тестілеуден 140 балл жинады.

«Жаннұр аудандық, облыстық олимпиадаларға жиі баратын. Жүлделі орындар алып жүрді. 140 балл алдым деп ең бірінші маған хабарласқанда «Осындай да ғажап қуаныш болады екен-ау» деп қатты толқыдым. Өзім бастауыш пәні мұғалімімін, әкесі инженер, қарапайым отбасымыз. Жаннұр болашақта ІТ маманы болсам, Қазақстанға үлесімді қосқан азамат болсам деп армандайды», — дейді анасы Жанар Әубәкірова.

ҰБТ-дан үздік балл жинаған Жаннұр Еңсебек - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2024

ҰБТ-дан үздік балл жинаған Жаннұр Еңсебек

© жеке мұрағаттан

Жаннұр информатика және математика пәндерін таңдаған. Ұлттық біріңғай тестілеуге оныншы сыныптан бастап дайындалған.

“Қандай балл жинаймын, ата-анамның, ұстаздарымның үмітін ақтай аламын ба деген қорқыныш болды. Қаңтар айында ҰБТ-дан 121 балл, наурыз айында 137 балл жинадым. Соңғы тестілеуден 140 балл бұйырыпты” — дейді Жаннұр Еңсебек.