Алматы облысының әкімі жантүршігерлік жол апаттарының себебін түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының әкімі жантүршігерлік жол апаттарының себебін түсіндірді

Алматы облысының әкімі жантүршігерлік жол апаттарының себебін түсіндірді

Алматы облысындағы жантүршігерлік  апаттардың көбеюіне тас-талқаны шыққан жол себеп. Бүгін Астанаға келіп есеп берген аймақ басшысы жол бойындағы  өлім-жітімнің неліктен тоқтамай тұрғанын  түсіндірді.

  • 3 Желтоқсан 2015
  • 298
Фото - Caravan.kz

Қазір  елімізде Алматы облысы көлік апаты бойынша көш бастап тұр екен.

Кісі  шошырлық апаттармен аты шыққан өңірді биылдыққа  400-ге  жуық  адам көз адам жұмған. Марқұмдардың арасында балалар көп. Амандық Баталов жазықсыз жандар бейбіт күнде ажал құшпауы үшін барлық шараларды қабылдан жатқанын айтады. Бейнебақылау камерасын орнатып, жол патрульдері толық көлікпен қамтылған. Алайда аймақтағы  апат бұдан азаймай отыр.  Оның үстіне жарамсыз жолдардың кесірінен машиналар жиі соқтығысады екен.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

-Алматы маңындағы жол ағылып жатқан көліктердің нөпірін  көтере алмайды. Талапқа сай емес. Сапасы сын көтермейді, тар. Қазір Алматы мен Қапшағай арасында алты жолақты 264 шақырым жаңа жол төселіп жатыр. Соның құрылысы аяқталған соң апат азаяды деп үміттенеміз.

Соңғы жаңалықтар