Жарияланды: 340

Алматы облысының Алакөл ауданында қар құрсауында қалған көлік екі тәулік бойы іздестірілді

21 желтоқсан күні сағат 09.00-де Алматы облысы Алакөл ауданы,

«Үшарал-Достық» («Ырғытай» учаскесі) автожолында ішінде үш адамы бар «Газель» көлігі қар құрсауында қалып қойды. Оларды іздестіру-құтқару жұмыстарынаҮшарал қаласының №26-ші өрт сөндіру бөлімшесінің (3 адам мен 1 техника) және Достық кентінің №20-шы өрт сөндіру бөлімшесінің (4 адам мен 1 техника) аттандырылды. Көру мүмкіндігінің нашар болуына байланысты іздестіру-құтқару жұмыстары қиындады, байланыс үзілді. 22 желтоқсан күні сағат 12.00-де оқиға орнына «Кеден Транс Сервис» ЖШС-нің (4 адам мен 1 техника) шұғыл жасағы шықты. Сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмыстарына қосымша облыстық ТЖД-нің 7 адамы мен 2 техникасы; облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағының 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Сағат 21.58-де «Газель» көлігі адамдарымен бірге табылып, Үшарал қаласына жеткізілді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік оқиға орнында қалдырылды. Құтқарылғандардың арасында зардап шеккендер жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін