Алматы облысының Алажиде ауылында электр жалғастыру желісіндегі апат салдарынан үзіліп қалған жарық қайта берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының Алажиде ауылында электр жалғастыру желісіндегі апат салдарынан үзіліп қалған жарық қайта берілді

Алматы облысының Алажиде ауылында электр жалғастыру желісіндегі апат салдарынан үзіліп қалған жарық қайта берілді

АСТАНА. 16-ақпан. Kazakhstan Today. Алматы облысының Алажиде ауылында электр жалғастыру желісіндегі апат салдарынан үзіліп қалған жарық қайта берілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Ақпан 2007
  • 404
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 14-ақпанда Қаратал ауданында 110 кВт-тық электр жалғастыру желісінде мұз қату салдарынан №30 Антоновка-Көктерек және №157 Үштөбе-Алажиде учаскелерінде тоқ апатты жағдайда үзілді. Алажиде, Көктерек, Антоновка, Матай және Лепсі ауылдарына жарық берілмей қалды. Сол күні Алажидеден басқа елдімекендерге жарық берілді.

Мекеме ақпаратына сәйкес, 15-ақпан 19 сағат 45 минуттағы жағдаймен «Татек» ААҚ-ның 11 адам мен 3 техникасынан тұратын екі бригадасының күшімен апаттан қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті