Жарияланды: 750

Алматы облысының балық аулау компаниялары 50%-дан аз мөлшерде қамтамасыз ете алады

Алматы облысының балық аулау компаниялары аймақтың балық өніміне деген мұқтаждығын 50%-дан аз мөлшерде қанағаттандырады, деп облыстық статистика бөлімінен хабарлады.

«Алматы облысының нарығының балық өніміне деген сұранысы 13 мың тонна болса да, жетісулық артельдер 2010 жылы жалпы қажет көлемнің жартысынан аз мөлшерде ғана қанағаттандыра алды (6012 мың тонна). Балықтың жетпей жатқан үлесі республиканың басқа аймақтарынан және шетелден импортымен жеткізіледі», - деп сейсенбі күні статистика ведомствосынан хабарлады. Статмәліметтер бойынша, аймақтағы балық аулау динамикасы төмендеп келеді. «Мысалы, 2005 жылы Талдықорған аумағында сатуға деп 100 тонна әр түрлі балық ауланған болса, 5 жыл өткен соң, 2010 жылы бұл көрсеткіш небары 20 тонна болып, яғни 5 есеге аз болған. Былтыр Алматы облысындағы балық аулау көрсеткіші 2009 жыл көрсеткішіне қарағанда 7%-ға азайды», - деп статагенттіктен хабарлады. Ауланған балықтар арасында негізінен табан балық (57%), көксерке (13%), жайын (9,3%), сазан (8,2%) болды. Тұқы тұқымдас балықтар небары 0,2% үлесте болды, деп статситика департаментінен хабарлады. Ведомство мәліметтерінше, балықты өндірістік өндірумен айналысатын кәсіпорындар с аны аймақта 43-ке жетті. «Балық аулайтын артельдердің саны көптігіне қарамай, балық өсірумен тек 7 фирма ғана айналысады. Олардың балық шабақтарын өсіретін көл айдынының ауданы 2,6 га. Шабақ өсіретін тәлімбақ пен қолдан жасалған тоғандар айдынының жалпы ауданы 300 га. Оларда жыл сайын 2 млн-дай шабақ өсірілсе, олардың ширегі бахтах (хан балық) шабағы», - деп департаменттен хабарлады. Жетісу балықшылары 100 тоннадан астам қымбат азықты шығындап, ал шабақ өсіруге және өндірістік балық басын қорғауға кеткен шығыны Т85 млн-нан асты, делінген статдепартамент хабарында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін