Алматы облысының бас санитар дәрігері тұрғындармен неге дөрекі сөйлескенін түсіндіріп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының бас санитар дәрігері тұрғындармен неге дөрекі сөйлескенін түсіндіріп берді

Алматы облысының бас санитар дәрігері тұрғындармен неге дөрекі сөйлескенін түсіндіріп берді

Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсінік берді

  • 13 Тамыз 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, бұл оқиға 12 тамызда болған. Сауда үйінің сатушылары облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне алдына жиналған. Олар Ерғали Сыдымановтан азық-түлік сатпайтын дүкендердің жұмыс істеуіне рұқсат беруін сұраған. Себебі, өңірде 3 тамыздан бастап, мұндай дүкендердің жұмыс істеуіне тыйым салыныпты.

Алматы облысының бас санитар дәрігерінің айтуынша, сатушылар мұндай талаппен осыған дейін де келген.

"Мұны естіген соң, мен көшеге шықтым. Мен кәсіпкерлерле облыстағы эпидемиологиялық жағдайды және олардың жұмысы неге тоқтағанын түсіндірдім. Әңгіме көлік бөлшектерін сататын дүкендердің жұмыс істеуіне рұқсат беру туралы болды. Олар 2 тамызда №23 қаулы бойынша жабылды. Біз барлық базарды жайдан-жай аша алмаймыз. Біздің басты мақсатымыз — коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу",- дейді Ерғали Сыдыманов әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты. 

Оның пікірінше, желідегі видеоға монтаж жасалған.


"Маған белгісіз себептерге байланысты видеоға монтаж жасалған. Әңгіменің мазмұны өзгерген. Кейбір сөздер сүйектен өткен шығар, бірақ мен кәсіпкерлерге олардың жұмысы уақытша неге тоқтағанын түсіндіруге тырыстым. Видеода болған оқиғаның жағымды жағы көрсетілмеген. Кәсіпкерлермен жақсы сөйлестік. Нәтижесінде олар карантиннің аяқталуын күтетін болды. Бірақ бұл сәт видеода жоқ", — деді Алматы облысының бас санитар дәрігері.

Сонымен қатар ол Денсаулық сақтау министрлігіне түсініктеме жазып жібергенін атап өтті.

"Егер олар қаласа, мен өз әрекетіме жауап беруге дайынмын", — дейді Ерғали Сыдыманов.

Сондай-ақ, ол халықпен кездесіп, олардың мәселесін шешуге дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың кәсіпкерлермен дөрекі сөйлескен видеосы әлеуметтік желіде тараған еді.