Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қандай жаза қолданылатыны мәлім болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қандай жаза қолданылатыны мәлім болды

Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қандай жаза қолданылатыны мәлім болды

Талдықорған қаласының әкімдігі облыстың бас санитар дәрігеріне қатысты қандай жаза қолданылатынын айтты. Әкімдік өкілі ең оңтайлы және әділ шешім қабылданды деп санайды

  • 20 Тамыз 2020
  • 81
Фото - Caravan.kz

 Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов кәсіпкерлермен дөрекі сөйлескені үшін қатаң сөгіс алады. Бұл туралы Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы Instagram парақшасында хабарлады деп жазды Caravan.kz порталы sputniknews.kz-ға сілтеме жасап.

 Оның айтуынша, аймақтың бас санитар дәрігеріне қатысты іс Алматы облысының әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында қаралды.

Нұр Қанатұлы Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға Сыдымановқа тәртіптік жаза ретінде қатаң сөгіс жариялау ұсынылғанын айтты.

Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы көптеген адамның Сыдымановты қызметінен босатуды талап еткеніне қарамастан, мұндай жазаны ең оңтайлы, адекватты және әділ деп атауға болатынын мәлімдеді.

"Біріншіден, ол өз кінәсін толық мойындап, қала мен облыс тұрғындарынан кешірім сұрады. Екіншіден, адамды балағаттап, жеке басын қорлаған жоқ, әсіресе қол сұғушылық болған жоқ. Үшіншіден, ол денсаулық саласында мол тәжірибесі мен еңбек өтілі бар өз ісінің маманы болып саналады", — деп атап өтті Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы.

Ол сондай-ақ, Сыдымановқа мүмкіндік беру керек екеніне баса назар аударды. Айтуынша, әрбір шенеунікті осындай теріс қылығы үшін жұмыстан босата берсе, онда мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін ешкім қалмайды. Қанатұлы әкімдікте кадрлардың ауысуына байланысты белгілі бір мәселелердің бар екенін де айтты.

"Жақында көптеген азаматтық, қоғамдық белсендіні, блогерлер мен кәсіпкерлерді мемлекеттік қызметке шақырдым, алайда олар бұл ұсыныстан бас тартты. Себебі мұнда жұмыс көп екенін және оның өте қиын екенін жақсы біледі. Жалақы туралы жазғым да келмейді", — деді Қанатұлы.


Айта кетейік, бұған дейін Талдықорған кәсіпкерлері облыстың бас санитар дәрігері қызметіне жаңадан кіріскен Ерғали Сыдымановтың әрекетіне қатысты наразылық білдірді.

Әлеуметтік желіде тараған видеода тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы кәсіпкердің сауда үйлерін, азық-түлік сатпайтын базарлар мен авто бөлшек дүкендеріндегі тыйымды алып тастау туралы өтінішіне дөрекі жауап берген.

Біраз уақыт өткен соң Еркеғали Сыдыманов адамдармен "қарапайым тілде" сөйлескісі келетінін айтты. Кешірім сұрап, басшылықтың кез келген шешімін қабылдауға дайын екенін жеткізді.

Денсаулық сақтау министрі Алматы облысының бас дәрігерінің бұл әрекетіне байланысты мемлекеттік қызметкер мұндай мінез көрсетпеуі керек екенін айтқан болатын.