Алматы облысының бір топ азаматы Қапшағайды Қонаев қаласы деп атауға ұсыныс білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының бір топ азаматы Қапшағайды Қонаев қаласы деп атауға ұсыныс білдірді

Алматы облысының бір топ азаматы Қапшағайды Қонаев қаласы деп атауға ұсыныс білдірді

Бүгін, 16-тамызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы мен Алматы облысының бір топ азаматы Қапшағайды Қонаев қаласы деп атауға ұсыныс білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Тамыз 2005
  • 592
Фото - Caravan.kz

Бастамашы топтың жетекшісі Кеңес Жандыбаевтың айтуынша, «тәуелсіз Қазақстан халқының игілігі үшін асқаралы істер тындырған Димаш Қонаевтың есімі бүгінде ұмыт қалып бара жатыр». «Алматыдағы бір шағын көше мен кейбір елді мекендер ғана оның атымен аталған. Біз бұл жайтты өрескел әділетсіздік деп санаймыз»,- деді ол.

Бастамашы топ Астанадағы бір орталық көшеге Д.Қонаевтың есімін беріп, Алматыдағы орталық мемлекеттік мұражайды Д.Қонаевтың атымен атауды, онда тұрақты жұмыс істейтін композиция ашуды ұсынады.
Сонымен бірге К.Жандыбаевтың пікірінше, Қазақстанда Д.Қонаевтың 100 жылдығына дайындық жұмыстарын бастап, оның есімін ұрпақ жадында қалдыруды көздейтін мемлекеттік комиссия құру қажет. Мемлекеттік комиссия Д.Қонаевтың өмірі мен іс-қызметі туралы теле және радиохабарлар топтамасын, кітаптар, мақалалар мен жарияланымдар әзірлеп, ол туралы ауқымды энциклопедия шығару ісін қолға алуға тиіс. Бастамашы топ сонымен бірге 2012-жылды Дінмұхаммед Қонаев жылы деп жариялауды ұсынды.

Перейти к новостям спорта